Қоғам

ШЫМКЕНТТІҢ ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ӨТІП ЖАТҚАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШАРАҒА ҚАТЫСУДА

2025 жылғы 21–23 шілде аралығында Ақмола облысының Зеренді өңірінде орналасқан «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының филиалында еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің қатысуымен республикалық слет өтуде. Ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылып отыр.

Аталған шараға Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты колледждерде оқитын үздік 5 студент арнайы іріктеуден өтіп, өңір намысын қорғауға аттанды. Олар — өз салаларында жетістікке жеткен, белсенділігімен ерекшеленген, болашағынан зор үміт күттіретін жастар. Республикалық деңгейде өтетін мұндай шара жас мамандар үшін кәсіби әлеуетін шыңдайтын, тәжірибе алмасуға, шабыт пен серпін беретін маңызды алаң саналады.

Слеттің негізгі мақсаты — жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру, техникалық және кәсіптік білім алушы жастардың көшбасшылық қасиеттері мен кәсіптік машықтарын дамыту, болашақ мамандардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Үш күнге жалғасатын бағдарлама аясында:

  • еңбек нарығындағы жаңа тенденциялар мен сұранысқа ие мамандықтар бойынша өзекті мәселелер талқыланды;
  • жұмысқа орналасу, кәсіптік бағдар беру және мансаптық өсу жолдары жөнінде тренингтер өткізілді;
  • жастар арасында командалық ойындар, көшбасшылыққа баулитын жаттығулар, шығармашылық және спорттық белсенділіктер өтті.

Шымкенттік делегация өздерінің жан-жақты дайындықтарын, кәсіби біліктіліктері мен білімдерін слет барысында барынша көрсетіп келеді. Олар белсенді пікірталастар мен жобаларда үздік нәтижелер көрсетіп, өңір мәртебесін асқақтатып отыр.

Бұл республикалық слет – еліміздің әр өңірінен келген жастар арасында тәжірибе алмасу мен серіктестік байланыс орнатуға бағытталған ерекше платформа. Мұндай іс-шаралар студенттердің азаматтық белсенділігін арттырып қана қоймай, кәсіби дамуына зор серпін береді.

Шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар мен алғыс хаттар табысталып, үздік жастар марапатталады деп жоспарланған.

Жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы мемлекет жастарды еңбекке баулып, өз болашағын нақты кәсіппен байланыстыруға жол ашуда. Ал бұл бастамадағы шымкенттік студенттердің белсенділігі — қаламыздағы техникалық және кәсіптік білім беру сапасының жоғары екенінің тағы бір дәлелі.

Қатысты жаңалықтар

Өсиет те, қасиет те – қарттарда

Bastynews

«Көп шенеунік абақтыға қамалады» – дейді, Ирина Әбдірайымова

Bastynews

Цифрлық этикетті сақтайсыз ба?

Bastynews