ҚАЗАҚСТАН ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУДЫ БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ ІЛГЕРІЛЕТІП ЖАТЫР
Бұл бағыттағы іс-қимылдар еліміздің кәсіби-техникалық кадрлар даярлау жүйесін әлемдік деңгейге шығарып, жаһандық еңбек нарығына бейімдеуге бағытталған. ҚР Оқу-ағарту министрлігі бастамашы болған интернационалдандыру стратегиясы аясында нақты 10 халықаралық бастама іске асырылуда. Мұндай кешенді шаралар Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өзекті сипат алып отыр.
Қазақстан колледждері бүгінде Қытай, Оңтүстік Корея, Франция, Түркия, Жапония, Ұлыбритания, Грузия және Ресей сынды елдердің білім беру ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Қазіргі таңда 50-ден астам екіжақты меморандум жасалып, нақты жобалар іске асуда. Осы меморандумдар – тек қағаз жүзіндегі келісімдер емес, нақты әрекеттер мен ортақ жобаларға негізделген бастамалар.
Алматы, Астана, Шымкент, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл және Маңғыстау облыстарынан 20-дан астам колледж халықаралық білім беру жобаларына қатысуда. Бұл оқу орындарында дуалды оқыту, студенттер мен оқытушылар алмасу, бірлескен оқу бағдарламаларын әзірлеу секілді жұмыстар белсенді қолға алынған. Сонымен қатар, халықаралық серіктестермен бірлесе отырып, колледждерде білім сапасына арналған шетелдік бағалау жүйелері енгізіле бастады.
Осы бастамалар арқылы Қазақстан техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін түбегейлі жаңғырту мақсатын көздеп отыр. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Асет Мұханбетов:
«Бұл бастамалар – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жаңғыртудың маңызды қадамы болып табылады. Олар халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, озық білім беру технологияларын енгізуге және қазақстандық түлектердің жаһандық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді», – деп атап өтті.
Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру саласында қолға алынған интернационалдандыру процесі еліміздің болашағына инвестиция болып табылады. Шетелдік тәжірибе мен технологияны игеру, заманауи оқыту әдістемелерін енгізу арқылы отандық колледждер жаһандық деңгейдегі сапа стандарттарына жақындай түспек. Мұндай жүйелі жұмыс түлектердің тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де табысты жұмыс істеуіне жол ашады.
Яғни, техникалық білім – енді тек мамандық емес, елдің бәсекеге қабілеттілігінің іргетасы.