2025 жылы ұлттық тарих пен рухани құндылықтарды зерделеуге арналған ғылыми-зерттеу бағытында Торгаутова Ш.А. мен Карибаев С.У. тарапынан бірқатар маңызды еңбектер жарық көріп, халықаралық және республикалық деңгейдегі конференциялар мен басылымдарда жарияланды.
Атап айтқанда, Торгаутова Шолпан Айтбекқызы 2025 жылдың 19 маусымында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Философия, саясаттану және дінтану институты ұйымдастырған «Абай философиясы және жаһандық трансформациялар жағдайындағы әлеуметтік мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Отношение к мусульманскому духовенству по «Положению Қарамола» 1885 г., составленного Абаем (Ибраһим) Құнанбайұлы» тақырыбында баяндама жасап, Хакім Абайдың құқықтық-әлеуметтік көзқарастары мен діни руханиятқа қатысын ғылыми негізде талдады.
Сонымен қатар, Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай Торгаутова Ш.А. «Почетный казах – Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы: «Положение Қарамола» 1885 год. (перевод статей и научный анализ)» атты ғылыми монографиясын әзірлеу үстінде. Бұл еңбек ұлы ойшылдың құқықтық мұрасын, билік жүргізу тәжірибесін және заманауи заң ғылымымен байланысын айқындайтын ауқымды зерттеу болып табылады.
Карибаев Сәкен Ұзақбайұлы да ұлттық тарихты жаңаша пайымдауға бағытталған еңбектерімен танылып келеді. 2025 жылы ол «АЗИАТ» баспа үйінен жарық көрген «Түркістан өлкесіндегі «басмашылар» қозғалысының тарихнамасы» атты монографиясында кеңестік кезеңдегі қарсылық қозғалыстарын жан-жақты зерделеп, ғылыми айналымға жаңа көзқарастар ұсынды.
Сол жылы Шымкент қаласында өткен «Әуезов оқулары – 23: Хакім Абайдың 180 жылдығына арналған Абай феномені және жаңа танымдық өрістер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында Карибаев С.У.-дың «Астық дайындау науқаншылдығы: барысы және Қылмыстық Кодекс баптарының қолданылуы» атты мақаласы (260–265 беттер) жарық көріп, ашаршылық жылдарындағы заңнамалық шектеулер мен олардың салдарын саралады.
Жоғарыда аталған ғылыми еңбектер мен баяндамалар – қазақ халқының тарихи жадысын жаңғырту, ұлттық руханият пен заңнамалық мұраны зерттеу және жас ұрпақты патриоттық құндылықтарға баулу бағытындағы маңызды академиялық үлес болып табылады. Торгаутова Ш.А. мен Карибаев С.У. зерттеулері еліміздегі гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелерін қамтып, ғылыми қауымдастық тарапынан жоғары бағалануда.