Түркістан қаласында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары студенттері арасындағы XIII жазғы Универсиадада Tashenev University студенттері кезекті рет өздерінің спорттағы мықтылығын дәлелдеп, зор табыстарға қол жеткізуде. Университетіміздің футзал командасы дода басталғалы бері қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетіп келеді.
Tashenev University командасы алаңдағы әр ойында тек жеңіске емес, университетіміздің абыройын қорғауға, студенттік спортты насихаттауға, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға күш салып келеді. Бұл жеңістер – тек спортшылардың ғана емес, жаттықтырушылар мен оқу орны әкімшілігінің, бүкіл университет ұжымының ортақ жетістігі. Университетіміздегі спорт факультетінің студенті, команда мүшесі Үргенішбай Диас бұл туралы: «Футзал — бұл тек ойын емес, бұл – тактика мен тәртіп, бірлік пен сенімділікке негізделген командалық күрес. Әрбір ойын — біз үшін жаңа сынақ.
Университетіміздің спорт факультетінің деканы Мырзабек Лесбек: «Біздің студенттердің Универсиададағы табыстары – оқу орнымызда сапалы біліммен қатар, жан-жақты тұлға тәрбиелеуге, спорт пен мәдениетке басымдық берілетінінің жарқын дәлелі. Спорт – бұл тәрбие, бұл шыдамдылық пен ерік-жігер мектебі. Біз жастардың білімді де, белсенді, мақсаткер азамат болып қалыптасуына барлық мүмкіндікті жасап отырмыз. Бұл жеңіс – рухтың, тәртіптің және командалық еңбектің нақты нәтижесі», – деп атап өтті.

Футзалдағы бұл табыстар – Tashenev University-дің жастар тәрбиесіне, спортты дамытуға, көшбасшылық пен патриоттық тәрбиеге ерекше мән беретінінің айғағы. Университет қабырғасында білім алып жатқан студенттер тек кәсіби салада ғана емес, қоғамдық өмірде, мәдениет пен спортта да белсенділік танытып келеді. Олар ел болашағын айқындайтын буын ретінде өздерін әр бағытта дамытып, жан-жақты тұлға ретінде қалыптасуға күш салып жүр. Біз студенттеріміздің осы жетістіктерін мақтан етеміз, алайда ең бастысы — бұл жеңістердің артында тұрған еңбек пен тәртіпке, ортақ мақсатқа деген адалдыққа бас иеміз. Tashenev University – тек білім ордасы ғана емес, ерік-жігер мен көшбасшылықтың мектебі екенін осындай жеңістермен дәлелдеп келеді.