Басты жаңалықтар

ZHANIBEKOV UNIVERSITY – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ҚАТАРЫНДА

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті 2025 жылғы «Қазақстанның жетекші педагогикалық жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингінде» 2-орынға ие болды. Рейтингті Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) жүргізіп, еліміздегі педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындарының қызметін жан-жақты сарапқа салды.

Бұл – университеттің ғылыми-педагогикалық әлеуетінің жоғары екенін және сапалы білім берудегі үздік тәжірибелерін дәлелдейтін маңызды көрсеткіш. Аталған жетістік оқу орнының білім беру мен ғылымдағы жүйелі жұмысының, заманауи инфрақұрылымы мен білікті профессорлық-оқытушылық құрамының нәтижесі.

IQAA агенттігінің ұлттық рейтингтік жүйесі келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • Академиялық көрсеткіштер: білім алушылардың үлгерімі, білім беру бағдарламаларының жаңартылуы, оқыту әдістерінің заманауилығы;
  • Ғылыми-зерттеу белсенділігі: оқытушылар мен студенттердің ғылыми жобаларға қатысуы, халықаралық индекстеу базаларында жарияланған мақалалар саны, ғылыми дәйексөздер;
  • Интернационалдандыру деңгейі: халықаралық серіктестік, қос диплом бағдарламалары, шетелдік студенттер мен оқытушылардың үлесі;
  • Жұмыс берушілермен байланыс және бедел: түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы, жұмысқа орналасу көрсеткіштері;
  • Материалдық-техникалық база мен цифрландыру деңгейі.

Университет беделінің артуы — ел ертеңіне салынған инвестиция

Zhanibekov University-дің үздік үштікте танылуы – бұл жай ғана марапат емес, бүкіл ұжымның жүйелі еңбегінің, стратегиялық дамудың және білім сапасына деген жоғары жауапкершіліктің нәтижесі. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері заман талабына сай, жаңашыл, сұранысқа ие педагогтарды даярлау жолында үздіксіз еңбек етіп келеді.

Аталған жетістік білім алушылар үшін де үлкен мүмкіндік. Себебі бұл – тек білім сапасының ғана емес, сонымен бірге университет беделінің, еңбек нарығындағы құндылығының артқанын білдіреді.

Zhanibekov University бүгінгі таңда – ұлттық және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті педагог мамандарды даярлайтын, ғылым мен білімді ұштастыра алатын, заманауи оқу орны.

Университет ұжымын, студенттерді және барлық серіктестерді осы үлкен жетістікпен құттықтаймыз!

Қатысты жаңалықтар

20-дан астам қызметкері бар еңбек ұжымына екпе салдыру міндеттеледі – ДСМ

Bastynews

МЕГАПОЛИСТЕГІ ҮМІТ ПЕН МҮМКІНДІК: ШЫМКЕНТТЕГІ ҚИЫНДЫҚТЫ ЖЕҢГЕН БАЛАЛАР – ТОЛЫҚТАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

bastynews

Обеспечим безопасное и надежное использование мирного атома – атомщики Казахстана обратились к казахстанцам

bastynews