Ақпарат Мәдениет

«АБАЙТАНУ» ОҚУ ҚҰРАЛЫ – ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМГЕ ҚОСЫЛҒАН САЛМАҚТЫ ҮЛЕС

Торғаутова Шарапат Амангелдіқызының еңбегі республикалық байқауда жүлделі орынға ие болды.

Алаш руханияты мен қазақ ойының шамшырағы – Абай Құнанбайұлының мол мұрасын өскелең ұрпаққа терең әрі жүйелі түрде үйрету – бүгінгі білім беру жүйесінің басты бағыттарының бірі. Осы бағытта тың ғылыми-әдістемелік ізденістер жасап жүрген ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің доценті Торғаутова Шарапат Амангелдіқызының «Абайтану» атты оқу құралы 2025 жылғы 29 қаңтарда өткен II «GLOBAL SCICALL: Фонд новых знаний» Ұлттық жарияланымдар байқауында ІІІ жүлделі орынды иеленіп, қазақстандық гуманитарлық ғылым мен педагогика саласы үшін елеулі жетістікке айналды.

Аталмыш оқу құралы – техникалық, гуманитарлық және жаратылыстану бағыттары бойынша білім алып жатқан студенттерге арналған және 280 беттік, 17,5 баспа табақ көлемінде жарық көрген. Бұл еңбек заманауи талаптарға сай, IPR-Smart цифрлық платформасына және E-UNI.kz электрондық білім беру базасына енгізіліп, ел көлемінде кең қолданысқа енуде.

Кітап мазмұны ұлы ақын, ойшылдың өмірі мен шығармашылығын, адамгершілік ілімін, эстетикалық көзқарасын, тарихи кезеңмен байланысын тереңнен талдай отырып, Абай ілімінің философиялық, мәдени және педагогикалық қырларын қамтиды. Оқу құралы жоғары оқу орындары бағдарламасына енгізілген «Абайтану» пәнінің мазмұнын байыта отырып, болашақ мұғалімдердің ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие мен білім беру дағдыларын дамытуға арналған.

Еңбекте қазіргі білім беру парадигмалары, соның ішінде интеграцияланған оқыту, STEAM элементтері, құзыреттілікке негізделген тәсілдер көрініс тапқан. Автор материалды оқушылардың жас ерекшелігі мен танымдық деңгейіне бейімдей отырып, пәнаралық байланысты, мәдениетаралық коммуникацияны ескерген.

Шарапат Амангелдіқызының бұл еңбегі – Абайды тану арқылы ұлттық рухты жаңғыртуға, қазақтың мәдени-рухани мұрасын ғылыми айналымға кеңінен енгізуге бағытталған ауқымды ғылыми-әдістемелік жоба. Жұмыс мазмұны мен құрылымы жағынан да, тілдік-стильдік тұрғыдан да заманауи білім беру үдерісіне толық сай келеді.

Жетістіктің тағы бір маңызды тұсы – еңбек республикалық деңгейде бағаланып, байқаудың сараптамалық кеңесі тарапынан жоғары баға алған. Бұл – университет оқытушылары мен зерттеушілерінің ғылыми еңбектерінің сапасы мен маңыздылығын айғақтайтын айқын дәлел.

Қатысты жаңалықтар

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ КӨП

bastynews

100 ТҮЛЕК ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫН БІТІРДІ

bastynews

ГҮЛ МЕРЕКЕ, КҮН МЕРЕКЕ – 8 НАУРЫЗ

bastynews