Басты жаңалықтар Жаңалықтар

ZHANIBEKOV UNIVERSITY — 2025 ЖЫЛҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ РЕЙТИНГІНДЕ ТОП-1

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті 2025 жылы еліміздегі жоғары оқу орындары арасында беделді «Kazakhstan National Ranking of Educational Programs» ұлттық саралау қорытындысы бойынша көш басынан көрінді.

Білім беру сапасын, ғылыми-зерттеу әлеуетін, профессорлық-оқытушылық құрамның кәсіби деңгейін, түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы мен жұмысқа орналасуын бағалайтын бұл рейтинг – еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің даму көрсеткішіне айналған маңызды құрал. Zhanibekov University аталған көрсеткіштердің барлығы бойынша жоғары нәтижелер көрсетіп, білім беру кеңістігіндегі сенімді орнын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жетекші көрсеткіштер:

  • «TOP-20» Бас рейтингі: Қазақстан ЖОО-лары арасында 8-орын. Бұл — университеттің білім беру сапасы, басқару тиімділігі, цифрлық трансформация және ғылыми өнімділік тұрғысынан жоғары нәтижеге жеткендігін көрсетеді.
  • Магистратура бағытындағы білім беру бағдарламалары: Институционалдық рейтинг бойынша 1-орын! Бұл — ғылыми бағытта кадр даярлаудағы университеттің үздік позициясын білдіреді.
  • Бакалавриат бағытындағы бағдарламалар: 4-орын. Оқу үдерісінің сапасы мен білім алушылардың дайындығы жоғары деңгейде екенінің дәлелі.
  • Докторантура бағдарламалары: 5-орын. Бұл — ғылыми кадрлар даярлау ісіндегі сапалы нәтижені білдіреді.

Университет жетістіктерінің негізі:

  • Профессорлық-оқытушылық құрамның әлеуеті. Оқытушылардың халықаралық деңгейдегі ғылыми жарияланымдары, жобаларға қатысуы және тәжірибесі білім сапасына тікелей әсер етті.
  • Ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыс. Студенттер мен магистранттар түрлі зерттеу жобаларына белсене қатысып, халықаралық және республикалық ғылыми байқауларда жүлделі орындарға ие болуда.
  • Цифрлық трансформация. Университет білім беру үдерісіне заманауи платформалар мен цифрлық шешімдерді кеңінен енгізіп отыр.

Университет мақсаты — сапалы білім мен ғылымды үйлестіре отырып, болашақ мамандарды дайындауда көшбасшы болу.

Zhanibekov University ұжымы бұл жетістікті жаңа белестерге жетелейтін маңызды қадам ретінде қарастырып, алдағы уақытта да білім мен ғылым саласындағы ұлттық және халықаралық деңгейдегі жетістіктерді еселеуге ниетті. Университет Қазақстанның педагогикалық, ғылыми және зияткерлік әлеуетін дамыту жолында аянбай еңбек ете береді.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ “ШАХМАТШЫЛАР ҮЙІ” ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

bastynews

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ ОСЫ ЖЫЛЫ 11 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Bastynews

ТҮРКІСТАН: ДЕПУТАТ ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ ҚОС МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАДЫ

Bastynews