Жаңалықтар Қоғам

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ: ПРОФЕССОР КЕРІМБЕК СЫЗДЫҚОВ АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде ел білім беру ісінің дамуына сүбелі үлес қосқан танымал педагог, ғылым кандидаты, профессор Керімбек Сыздықовтың есімін есте қалдыру мақсатында арнайы дәрісхана ашылды. Бұл — университет ұжымының ұлағатты ұстаздарға көрсеткен зор құрметі мен рухани-мәдени жалғастықтың жарқын көрінісі.

Салтанатты жиын ескерткіш тақтаның ашылуымен басталды. Университет басшылығы мен профессордың туыстары, әріптестері, шәкірттері қатысқан бұл шарада Керімбек Сыздықовтың еңбегі мен адами болмысы ерекше ілтипатпен еске алынды.

Жиын барысында айтыскер ақын, айтыс үйірмесінің жетекшісі Нұрғали Әнапия жүректен шыққан арнау жырымен жиылған жұртшылыққа әсерлі сәт сыйлады. Ақын жырында ғалым-ұстаздың шәкірт тәрбиелеудегі өнегелі жолы, ғылымдағы ізденістері, адами асқақ болмысы кеңінен сипатталды.

Профессор Керімбек Сыздықов — бүкіл саналы ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеуге, білім мен ғылымның өрісін кеңейтуге арнаған тұлға. Ол бастауыш оқыту педагогикасы, оқыту әдістемесі, қазақ тілін оқыту технологиясы, ұлттық тәрбие мәселелері бойынша бірқатар ғылыми еңбектердің авторы. Сонымен қатар, университет қабырғасында ондаған жылдар бойы шәкірт

Дәрісхана – даналық ордасы

Аталған дәрісхана заманауи талаптарға сай жабдықталған. Ғалымның өмірі мен ғылыми қызметіне арналған арнайы бұрыш, оның монографиялары мен зерттеу еңбектері, естелік суреттері мен құнды мұрағаттық материалдары келушілер назарына ұсынылған. Мұндай танымдық орта жас оқытушылар мен студенттерге рух береді, ғылым мен білімге деген қызығушылығын арттырады.

Университет ректоры салтанатты шарада сөйлеген сөзінде:

«Керімбек Сыздықов сынды тұлғалар — білім мен тәрбиенің шамшырағы. Олардың еңбегі — бүгінгі ұрпаққа үлгі, ал атын есте сақтау — біздің парызымыз. Бұл дәрісхана – болашақ мамандарға тек дәріс өтетін орын емес, рухани шабыт алатын ордаға айналады деп сенеміз» — деді.

Ізгілікті дәстүр жалғасады

Оқу ордасы алдағы уақытта да көрнекті ұстаздар мен қайраткерлердің есімін ардақтау арқылы ұрпақ сабақтастығы мен тарихи жадыны сақтауды жалғастырмақ. Жаңадан ашылған дәрісхана — университеттің ізгі дәстүрлерінің бір бөлігі және профессор Сыздықовтың жарқын бейнесін мәңгілікке сақтауға бағытталған игі қадам.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА 35,5 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Bastynews

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ ТАЛҚЫЛАДЫ

Bastynews

#ШЫМКЕНТ_ЖЕТІСТІКТЕРІ_2024

bastynews