Ақпарат Қоғам Мәдениет

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: УНИВЕРСИТЕТТЕР МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Шымкент университеті ғылым мен білім саласындағы халықаралық байланыстарын кеңейтіп, әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарымен тығыз әріптестік орнатуға қадам жасап келеді. Соның нақты дәлелі ретінде 2025 жылдың шілде айында университет делегациясының Польша Республикасындағы Адам Мицкевич атындағы Познань университетіне жасаған ресми сапары болды.

Шымкент университетінің делегациясын «Ғылым және халықаралық қатынастар» жөніндегі проректор, биология ғылымдарының докторы, профессор Ақмарал Өмірбековна Исаева бастап барды. Сапар аясында делегация мүшелері Познань университетінің “Докторантураның нақты ғылымдар мектебінің” директоры профессор Богуслава Леска, сондай-ақ аталмыш университеттің танымал ғалымы профессор Войцех Антковиакпен ресми кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі университет арасында өзара тиімді ғылыми және білім беру ынтымақтастығы туралы кең форматта пікір алмасылды. Тараптар жоғары оқу орындары арасындағы байланысты нығайту мақсатында екіжақты меморандумға қол қойды. Аталған құжат шеңберінде келесі басым бағыттар белгіленді:

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесе жүргізу – бұл бағытта екі университет ғалымдарының бірлескен жобалар мен инновациялық зерттеулерге қатысу мүмкіндігі қарастырылған;
  • Оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығы – профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттердің тағылымдамадан өту, оқу, дәріс беру және тәжірибе алмасу арқылы екіжақты біліктілік пен академиялық мәдениетті арттыру көзделіп отыр;

Іссапар аясында делегация Ополе университетінің Химия кафедрасының зертханалық базасымен де танысты. Польша тарапындағы әріптестер Шымкент университетінің білім беру жүйесіндегі тәжірибесіне жоғары баға беріп, алдағы уақытта екіжақты ынтымақтастықты жолға қоюға ниетті екендерін жеткізді.

Профессор Ақмарал Исаева өз сөзінде былай деді:

«Польша университеттерімен орнатылған бұл байланыстар — жаһандық білім кеңістігіне енуге бағытталған маңызды бастама. Студенттер мен жас ғалымдар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын, шетелдік тәжірибемен ұштасқан кәсіби өсім алаңы қалыптасады».

Бүгінгі таңда әлемдік ғылым мен білім бәсекесі күн санап күшеюде. Осындай күрделі кезеңде университеттер арасындағы стратегиялық серіктестік – тек жоғары оқу орындарының дамуына ғана емес, сонымен бірге елдің ғылыми әлеуетінің артуына жол ашады.

Қатысты жаңалықтар

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы көтеріледі

Bastynews

«JAS KEÑES SIYLIGI» 2025 ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНУДА

bastynews

Досың қандай болса, сен де сондайсың

bastynews