Басты жаңалықтар Қоғам

ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕР — ОҚУШЫЛАР ҮШІН ТИІМДІ ДАМУ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС АЛАҢЫ

2025 жылғы 26 мамыр мен 27 маусым аралығында Шымкент қаласындағы 273 мектеп жанынан жазғы сауықтыру алаңшалары ашылып, бүгінде өз жұмысын қарқынды түрде жалғастыруда. Аталған алаңдар оқушылардың жазғы демалысын мазмұнды, қауіпсіз әрі тиімді ұйымдастыруға бағытталған.

Алаңшаларда оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп, әртүрлі бағыттағы үйірмелер мен шығармашылық, танымдық, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл арқылы балалардың қызығушылықтарын арттыру, олардың әлеуетін ашу және әлеуметтенуіне жағдай жасау көзделген. Театрландырылған қойылымдар, шеберлік сабақтары, экскурсиялар мен сайыстар балалар үшін ерекше әсерлі әрі есте қаларлық сәттерге айналуда.

Сонымен қатар, балалардың бос уақытын ұтымды пайдалануына, шығармашылық және тұлғалық дамуына жағдай жасау мақсатында қала мектептерінде түрлі бағыттағы үйірмелер — сурет салу, музыка, би, қолөнер, робототехника, ІТ және шахмат секілді үйірмелер белсенді жұмыс істеуде.

Балаларды маусымдық жұмыспен қамту және кәсіби бағдар беру мақсатында 7–10 сынып оқушыларына арналған жоғары оқу орындарының бастамасымен «EduCampShym», ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының негізінде «PROF START» жобалары сәтті жүзеге асырылуда. Бұл жобалар оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға, еңбек дағдыларын қалыптастыруға және кәсіби қызығушылықтарын анықтауға көмектесуде.

Аталған бағдарламалар аясында барлығы 58 672 оқушы қамтылып, олар интерактивті форматтағы сабақтар мен тренингтер арқылы өмірлік маңызды дағдыларды меңгеруде. Атап айтқанда, балалар қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлік негіздері, ақпараттық технологиялар, экологиялық мәдениет, жобалық ойлау, көшбасшылық пен топпен жұмыс істеу сияқты бағыттар бойынша білім алуда.

Лагерь бағдарламаларына педагогтармен қатар, психологтар, жоғары оқу орындарының мамандары, кәсіби жаттықтырушылар және волонтерлер тартылған. Бұл өз кезегінде оқушылардың жан-жақты дамуына, өз-өзіне сенімділігін арттыруға және шығармашылық әлеуетін ашуға үлкен серпін беруде.

Жазғы демалыс кезеңіндегі бұл бастамалар – мектеп пен ата-аналар арасындағы тығыз байланысты нығайтуға, балалардың оқу жылындағы жетістігін бекітіп, жаңа оқу жылына сергек әрі дайын оралуына мүмкіндік беретін маңызды қадам.

Жазғы лагерлер бүгінгі таңда оқушылар үшін жай демалыс орны ғана емес, өз қабілеттерін дамытуға, жаңа білім мен тәжірибе алуға арналған тиімді даму алаңы болып қалыптасып келеді.

Қатысты жаңалықтар

Кемелденген ел болудың кепілі – саналы ұрпақ тәрбиесі

Bastynews

Әлеуметтік желіде жалған жарлы көп

Bastynews

АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА В КАЗАХСТАНЕ: ПЕРСПЕКТИВЫ В КОНТЕКСТЕ ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА НА 2024 ГОД

bastynews