Ақпарат Жаңалықтар Қоғам

ДЕПУТАТТАР ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Данабек Исабеков пен Нұрсұлтан Байтілесов Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті. Кездесу – Қазақстан халқы Ассамблеясының диалог алаңын пайдалана отырып, этносаралық татулық пен бірлікті сақтау жолындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуды көздеді.
🔹Іс-шараны Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нишанбаев жүргізді.


🔹Жиынға қалалық мәслихат депутаты Абзал Зейнетаев, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, сондай-ақ қалалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді өкілдері қатысты.
🔹Кездесу барысында Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Этномәдени бірлестік өкілдері өздерін толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.
🔹Кездесу соңында депутаттар этномәдени бірлестіктердің қоғамдық өмірдегі маңызын ерекше атап өтіп, ынтымақ пен бірлікке бағытталған бастамаларға әрдайым қолдау білдіретіндерін жеткізді.


Қоғамдық келісім баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Төлеген Телғараевтың тындырған тағы бір тірлігі

Bastynews

ШЫМКЕНТ ФИЗИКА‑МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ NIS – 2025 ЖЫЛЫНЫҢ ЖАРТЫЖЫЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ САЙЛАУШЫЛАРҒА НАУРЫЗ КӨШЕ ТАРАТЫЛДЫ

Bastynews