Ақпарат

ШЫМКЕНТТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ДУБЛИНДЕГІ IGEO-2024 ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРДЫ

Жыл сайын өтетін Халықаралық IGeO-2024 олимпиадасында Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Арсен Сыдыков пен Қанат Серікбай топ жарды.Биыл Олимпиада Ирландия мемлекетінің Дублин қаласында өтті. Әлемнің 50 елінен келген 200-ге жуық қатысушылардың арасынан зияткерлер олжалы оралды.Байқау нәтижесінде NIS оқушылары қола медаль иегерлері атанды.Еске сала кетсек, жақында Сербияның Капаоник қаласында өткен географиядан Х Еуропалық олимпиадада Арсен Сыдықов алтын, ал Қанат Серікбай күміс медальдарға ие болған.Сондай-ақ зияткерлер басқа да беделді халықаралық және республикалық олимпиадаларда үздік нәтиже көрсетіп жүр.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ 10 АЙДА 146 ІСКЕ АЗАЙДЫ

bastynews

Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

bastynews

ШЫМКЕНТ: COVID-19 ЖҰҚТЫРУ ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛМЕДІ

Bastynews