Еңбекші ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инженерлік-инфрақұрылымын жетілдіру, тұрғындардың өмір сапасын арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Барлық жоспарланған іс-шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асып, аудан халқының тұрмыс деңгейін жақсартуға бағытталған нақты жобалар қолға алынуда.
Бүгінгі күнге Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектар құрап, халық саны 228 830 болды. Ауданда 18 тұрғын алаптар және 11 шағынаудандар бар. Онда 728 көшелер мен өткелдер, 3 саябақ, 8 гүлзар, 285 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан.
Аудан инфрақұрылымы – өңірдің экономикалық дамуы мен халықтың өмір сүру сапасының негізгі көрсеткіші десек, аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған.
Атап айтсақ, ауыз сумен 97%, электр жарығымен 99,8%, табиғи газбен 92,4%, кәріз жүйесімен 41%а, асфальт жолмен 79,8% қамтылған.
Жалпы, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітіліп, жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Нақтырақ тоқталатын болсақ, биылдың өзінде электр жарығына қатысты 4,7 шақырым желі жаңартылып, 3 трансформатор ауыстырылды. Сонымен қатар, Исфиджаб, Достық (1356 абонент) тұрғын алаптардағы жеке меншік жүйедегі электр желісің ауыстыру бойынша «Сайрам» жобасының құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Жоба бойынша «Қазеурострой» ЖШС мердігер мекеме болып анықталды. Құрылыс жұмыстары өтпелі кезеңмен 2026 жылдың ІІІ- тоқсанында аяқтау жоспарлануда.
Ал, А.Оразбаева көшесіндегі ескірген электр желісін жаңарту жоспарланған болатын. Бюджеттен қаржы қаралып, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Қазіргі таңда бағаналары орнатылып, электр желілері тартылып жатыр. Жұмысты І-жартыжылдықта толығымен аяқтау жоспарлануда. Мердігер мекеме «Bag Building» ЖШС болып табылады.
Табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша да жұмыстар нәтижелі.Бүгінде ол 92,4% құрайды.
Нақты айтар болсақ, аудандағы 5 елдімекенді Оңтүстік, Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Қаратөбе т.а. жаңақұрылыс аймағындағы 3739 абонентті табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен қаржы қаралып, 2024 жылы құрылыс жұмыстары басталған болатын. Нәтижесінде, Қаратөбе тұрғын алабы, (144 аб.), Оңтүстік ш.а. (157 аб.), жұмыстар аяқталып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда Жалын тұрғын алабы, Қарабастау-Жаңақұрылыс, Жұлдыз-Жаңақұрылыс учаскесінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде, ІІІ-тоқсанда аяқтау жоспарлануда. Мердігер мекемелер «Almaty Production Construction Invest» ЖШС, «Отау Строй» ЖШС жұмысты уақытылы аяқтауға күш салуда.
Ауданда тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жарықтандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда аудан аумағында жарықтандырылған көше саны – 361. Биыл қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 367 көшені жарықтандыру жоспарланған. Бұл жұмыстар толық орындалған жағдайда Еңбекші ауданы аумағы 100% жарықтандырумен қамтылады.
Бүгінгі таңда ауданда 201 көше жарықтандырылды. Оның ішінде 12 көше бойынша жарықтандыру жүйелері жеке кәсіпкерлер тарапынан тартылды. Қазіргі уақытта 153 көшеде жарықтандыру жүйелері толық орнатылса, қалған 166 көшеде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. «АВМ» ЖШС тарапынан 50 көшені жарықтандыру жоспарланы. 48 көшеде жарықшамдар орнатылып, 2 көшеде жұмыс жүруде.
Еңбекші ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 585,16 шақырымы асфальт, 135,98 шақырымы тас, 11,76 шақырымы топырақты құрайды. 2024 жылға ұзындығы 30,5 шақырымды құрайтын 78 көшені жөндеу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 24 көшеде жұмыстар аяқталды. Қалған көшелерді асфальттау үшін мердігер мекемелер анықталып, асфальт қабатын төсеуге дайындау жұмыстары жүргізілуде. Биыл 72 көшеге (тұйықтарымен және қайта қалпына келтіру бойынша) (34,3 шқ) орташа жөндеу жұмыстары жоспарланды. Бүгінгі таңда мердігерлер анықталып, асфальт қабатын төсеуге дайындау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңға аудан аумағында 8 көшеге 2,9 шақырым аяқ жолдың орны дайындалып, асфальт қабатын төсеуге дайын.
Еңбекші ауданында аббаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары бойынша «Группа Интеко»ЖСШ жүргізуде. Биылғы жылы аббаттандыру бойынша 44 жобаны іске асыру жоспарланды. Қазіргі таңда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 15 жобада негізгі жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 9 ашық спорт алаңшасын орнату да жоспарланды.
Еңбекші ауданы әкімі аппараты тарапынан 2024 жылы 5 гүлзар құрылысы жүргізілген болатын, биылғы жылы 5 гүлзар құру жоспарланды. Мемлекеттік сатып алу конкурсына өтінім беру үшін құжаттары әзірленуде.
Жалпы, аудан инфрақұрылымы қарқынды дамып, халықтың тұрмыс сапасы мен ауданның экономикалық әлеуеті жақсарып келеді. Инфрақұрылымды жаңарту және дамыту жұмыстарының жүйелі түрде жүргізілуі ауданның болашақта да экономикалық және әлеуметтік жағынан тұрақты дамуына кепіл болады.