Санатталмаған

ТҮЛКІБАС: ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ АЛЫП, КӘСІБІН БАСТАДЫ!

Түлкібас ауданында кәсіпкерлікпен айналысатын іскер жандардың қатары артты. Былтыр «Бастау бизнес» жобасы бойынша төрт жүздей адам бизнестің қыр-сырын меңгерді. Жеке ісін ашуға талаптанған аудан тұрғындарына барлығы 1 млрд 343 миллион теңге несие берілді. Несие алып кәсібін бастаған азаматтар жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етіп отыр.

Соның ішінде жеке кәсібін дамытуға бел буған ерекше көзге түскен «Бақдаулет» шаруа қожалығының төрағасы Турабек Бақдаулет Асланбекұлы. Бұрын ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін су жаңа ауыл шаруашылық техникасын алуды армандапты. Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламаның көмегімен осы арманын ойдағыдай іске асырды. Әуелі, «Бастау-бизнес» жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздері бойынша білімін жетілдірді. «Кәсіпкерлік мектебі» мамандарының көмегімен Бизнес жоспарын әзірлеп, ауданымызда орналасқа «Түлкібас» несие серіктестігіне құжаттарын өткізген болатын. Азғана уақыт ішінде қомақты қаржыға ие болып, «Агротехника» бағдарламасы аясында су жаңа екі ауыл шаруашылық техникасына ие болды. Бүгінде 3 азаматты жұмыспен қамтып, ауыл шаруашылығының дамуына септігін тигізуде.

Бақдаулет мырзаға алдағы уақытта шаруасының қарқынды дамуына, ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсартуға септігін тигізуге тілектес бола отырып, дәл осылай кәсібін ашуға ниет білдірген азаматтарға қолдау білдіруге дайын екенімізді хабарлаймыз!

Түлкібас ауданының «КӘСІПКЕРЛІК МЕКТЕБІ» ғимаратының есігі сіздер үшін әрдайым ашық!
Байланыс тел: 8 725 38 51-088

Қатысты жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

bastynews

🔰 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСТАРҒА ДРОППЕРЛІКТІҢ ҚАУІПТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

bastynews

⚡️Мемлекет басшысы:

bastynews

🏥 МАЙТӨБЕ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ!

bastynews

Шымкентте «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» республикалық пікірсайыс турнирі өтті

bastynews

ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

bastynews

🏆 «ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ!

bastynews

РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА 14 ТҰРҒЫН ҮЙ, 600-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

bastynews

Түркістан облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық қарқынды жүріп жатыр

bastynews

Пікір қалдыру