Ақпарат Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы лауазымына Сүлейменова Гүлназ Төрәліқызы тағайындалды.

Гүлназ Төрәліқызы 1977 жылы 5 мамырда Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жұрын совхозында туылған, қазақ, білімі жоғары. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін және «Тұран-Астана» университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі – филолог (қазақ тілі мен әдебиеті), заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару саласының маманы. Еңбек жолының 28 жылын тәрбие-білім саласына арнаған.2018-2021 жылдары Ақтөбе облысының білім басқармасы басшының орынбасары.2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.2022-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет сурдоаудармасы бар білім беру порталы іске қосылды.

Bastynews

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде?

bastynews

ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Bastynews