Ақпарат Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК БАЛУАН ЕУРОПА КУБОГЫ БӘСЕКЕСІНДЕ ТОП ЖАРДЫ

15-16 наурыз күндері Ригада (Латвия) дзюдодан ересектер арасында Еуропа кубогы сайысы өтті. Халықаралық бәсекеде шымкенттік балуан Мейіржан Әбдімәліков аса ауыр салмақта алтын жүлдеге ие болды.

Жерлесіміз іріктеу кезеңдерінде Израиль, Доминикан Республикасының өкілдерін жеңіп, финалға шықты. Шешуші кезеңде испаниялық Иринел Василе Челаруден айласын асырып, чемпион атанды. Мейіржан Әбдімәліков қазақ күресінен жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері. Түйе палуандар арасында болашағынан зор үміт күттіретін жас дарындардың бірі.

Айта кетсек, ересектер арасындағы кезекті Еуропа кубогы турниріне әлемнің 22 елінен 160-тан астам дзюдошы қатысты. Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс жүлде жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте үздік шықты. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

ЦЕНТРАЛЬНАЯ ИЗБИРАТЕЛЬНАЯ КОМИССИЯ ПРОДОЛЖАЕТ АККРЕДИТАЦИЮ МЕЖДУНАРОДНЫХ НАБЛЮДАТЕЛЕЙ НА ВЫБОРАХ ДЕПУТАТОВ КУРУЛТАЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

bastynews

Прокурорлар “Ақтөбе” футбол клубында қаржы жымқыру фактілері тіркелгенін хабарлады

bastynews

АРЫСТА «ЕРЛІК – ЕЛГЕ МҰРА» ШАРАСЫ АЯСЫНДА АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

bastynews