Мәдениет

«ШЫМ ҚАЛА КЕШТЕРІ» АТТЫ КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Шымкентте биылғы жаз бұрынғы жаздан өзгерек. Олай дейтініміз, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй, ерекше демалыс сыйлау мақсатында «Шым қала кештері» атты концерттік бағдарламаларын 27 шілдеден бері тұрақты өткізіп келеді.OPEN AIR форматындағы концерттік іс-шара қаладағы халық көп шоғырланатын демалыс аймақтарында әр сенбіде өтуде.Сенбінің кешінде «Наурыз» алаңында «Шымкент-Цирк» эстрадалық оркестрі өнер көрсетсе, «Шымсити» саябағында опера және балет театры ұжымы әуелеген әнімен халықтың ыстық ықыласына бөленді.Сонымен қатар, «Асар»шағын ауданы халқы «Шымкент концерт» ұжымының концертін тамашалап, кешті көңілді өткізді.Өткізіліп жатқан іс-шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына мәдени, рухани демалыс сыйлап келеді. Айта кетейік, «Шым қала кештері» күзге дейін жалғасады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ – ҚОҒАМНЫҢ ӨРКЕНИЕТТІ ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ

bastynews

БІЗДІ БІРЛІККЕ БАСТАЙТЫН БАЙСАЛДЫ БАСТАМАЛАР БІРІКТІРЕДІ

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРА: КИЕЛІ ОРЫНДАР МЕН ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ БАЙ МҰРАСЫ

bastynews