Санатталмаған

Тапсырмалар уақтылы әрі сапалы орындалуы тиіс

2020 жылғы 24 қаңтар күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары жайында Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Мәжіліс барысында Қасым-Жомарт Кемелұлы бірқатар жетістіктерге тоқталып, еңбек өнімділігінің елеулі өсімінің болмауының үлкен проблема екенін және шикізаттық емес экспорт үлесінің баяу өсіп жатқанын айтты.

Осы орайда бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жиын өткізді. Жиынға қала әкімдігінің аппараты, салалық басқармалар мен тиісті сала басшылары қатысты.

Шаһар басшысы қалада бірінші кезекте шешілуі тиіс шараларды айқындап, оларды Үкіметтің жұмыс жоспарына енгізу бойынша тиісті министрліктермен жұмыс жүргізуді нақты тапсырды.

Жиында М.Әйтенов сала басшыларына қордаланған мәселелерді шешу үшін бірқатар тапсырма жүктеді.

Дәлірек айтсақ:
-Мемлекет басшысысының көлеңкелі экономикамен күресуді және қолма-қол ақшалай есеп айырысу көлемін қысқарту бойынша тапсырмасын өте тиянақты орындауды;
-Қаладағы арнайы экономикалық және индустриалды аймақтардың барлығына талдау жүргізіп, оның сапалы толтырылуы мен тиімді басқарылуын, тауар өндірушілердің өнімдерін жақын және алыс өңірлер мен елдерге экспортқа шығару көлемін ұлғайтуды;
-Мемлекет басшысының қымбат автокөлік пен жиһаздарды сатып алуға, әртүрлі форумдарды, семинарларды және конференцияларды өткізуге ұзақ мерзімді мораторий жариялағанына байланысты биылға бекітілген бюджетке талдау жүргізіп, тиісті өзгертулерді енгізуді;
-Инвестициялық жобалар бойынша жол картасын әзірлеп, 1 сәуірге дейін «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай қызмет көрсету терезесін ашуды;
-Мемлекеттік сатып алуда жергілікті қамту үлесін ұлғайтуды және бір көзден сатып алу үлесін қысқартуды;
-Қоғамдық көлік мәселесін де дер кезінде шешуді;
-Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп, масылдыққа жол бермеуді бақылауды;
-Барлық мектептер мен балабақшаларға бейне бақылау камераларын орнатуды және оқу орындарының сыртында орналасқан дәретханаларды ғимарат ішіне орналастыру жұмыстарын осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін толық орындауды;
-Биылғы 1 сәуірге дейін қала тұрғындарын міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандырумен 100 пайыз қамтуды;
-Тұрғындарды сапалы интернет желісімен қамтамасыз етуді және цифрландыру жұмыстарын жандандыруды қатаң тапсырды.

Мәжіліс соңында Мұрат Дүйсенбекұлы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша барлық сала басшыларына тұрғындармен тығыз жұмыс істеуді баса айтты.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖАПОН САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ

bastynews

ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ

bastynews

ТҰРАН АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

bastynews

ИНКЛЮЗИВНОЕ ОБЕСПЕЧЕНИЕ ИЗБИРАТЕЛЬНЫХ ПРАВ: ОРГАНИЗАЦИЯ ГОЛОСОВАНИЯ ВНЕ ИЗБИРАТЕЛЬНОГО УЧАСТКА В ТЕГИШШИЛЬСКОМ СЕЛЬСКОМ ОКРУГЕ

bastynews

РЕГИСТРАЦИЯ ИЗБРАННОГО АКИМА БОРЛЫСАЙСКОГО СЕЛЬСКОГО ОКРУГА

bastynews

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ VIII ХАЛЫҚ ОЙЫНДАРЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

bastynews

ВСТРЕЧА ШАРДАРИНСКОЙ РАЙОННОЙ ИЗБИРАТЕЛЬНОЙ КОМИССИИ С МОЛОДЕЖЬЮ

bastynews

ОБУЧАЮЩИЙ СЕМИНАР ДЛЯ ОРГАНИЗАТОРОВ ВЫБОРОВ В ШАРДАРИНСКОМ РАЙОНЕ

bastynews

РЕГИСТРАЦИЯ КАНДИДАТОВ НА ДОЛЖНОСТЬ АКИМА ЖАНАУЫЛЬСКОГО СЕЛЬСКОГО ОКРУГА

bastynews

ОТКРЫТИЕ КЛУБА МОЛОДЫХ ИЗБИРАТЕЛЕЙ В ГОРОДЕ АРЫС

bastynews

Пікір қалдыру