Санатталмаған

«Қамқорлық» бағдарламасы кезең-кезеңімен жүргізілуде

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Қамқорлық» бағдарламасы Түлкібас ауданында өз жалғасын тапты. Игі шараға Түркістан облыстық «Азаматтық альянс» қауымдастығының төрағасы Шәріпбек Жамалбеков бастаған зиялы қауым өкілдері, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов,Түлкібас аудандық әкімдігі, ҚР Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай бас болған бірқатар журналистер, облыстық іскер әйелдер бірлестігі мен облыстық ардагерлер кеңесі ұйытқы болып отыр. Еріктілер Састөбе және Балықты ауылдық округтеріндегі бірқатар отбасына қажетті азық-түлік апарып, тұрмыстық жағдайларын өз көздерімен көріп шықты.
«Қамқорлық» бағдарламасы мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмек пен жәрдемақылар аясынан тыс жүргізіліп отырғанын ескерген басшылық құрам әр жанұяның мұң-мұқтажына жеке-жеке құлақ асты. Оларға азық-түліктен өзге де қажетті заттар мен көрсетілуге тиіс жәрдемдерің тізімі жасалды. Атап айтқанда, Балықты ауылының тұрғыны төрт баланың анасы Әйгерім Қылышбекова денсаулығының жарамсыздығына байланысты жұмыс істей алмайды. Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алуға құжаттарын әзірлеп те қойған. Сегіз жасар екінші ұлы Жұбаныш бас тамырларының ауруымен ауырады. Жолдасы Тұранов Тынысбек жұмыссыз, алайда «екі қолға бір күрек» алып, ауыл ішіндегі кішігірім жұмыстарды істеп, үй ішін азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Әйгерімнің жанұясына жеке куратор бекітіліп, ұлына және өзіне дәрі-дәрмек алынып, еміне жәрдесуді заңдастыру шаралары қаралды.
Састөбе ауылының тұрғыны Елена Зейнолова бес баланың анасы, бір немеренің әжесі. Жалғыз басты әйел пәтер жалдап, ұл-қыздарын жетілдіру жолында еңбек етіп жүр. Алайда, ауылдан тыс жерде жұмыс жасағандықтан, тапқан ақшасының мәні болмай келеді. «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Еленаны жұмыспен қамту немесе кіші бизнес көзін тауып беру мәселесі басты назарға алынды.
Түлкібас ауданында «Алтын алқа» иегері атанған жас аналар өте көп. Дәуірбек Берікбаевтың жары да аталған жас аналар қатарында. 2019 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің арқасында бұл отбасы үйіне газ кіргізіп, құлағалы тұрған үй қабырғаларын қалпына келтіріп алған болатын. Отағасының ептілігінің арқасында мемлекеттік жәрдемақыға сиыр сатып алған. Енді көктем шыға сол сиырлардан сүт өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр. Алдағы күндері «Қамқорлық » бағдарламасы аясында Берікбаевтар жанұясы сүт өнімдерін өндіруге арналған жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Атап өтейік, облыс басшысының қолға алған «Қамқорлық» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асып, тұрмысы қанағаттанарлық шегінен төмен отбасылар жергілікті әкімдік пен еріктілер тарапынан үнемі бақылауда болады. Ол үшін әр отбасыға бір кураторлар бекітілді

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру