Соңғы жаңалықтар

АУДАНДЫҚ «ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІМЕН» БІРЛЕСКЕН ІСШАРА ӨТТІ

Түркістан облысы Ордабасы ауданы «С.Ысқақов атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мекемесінде Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Ордабасы ауданы «Әкелер мектебінің» бірлескен 2020-2021 оқу жылына арналған іс-шара жоспарына сәйкес оқушыларды әдептілік, адамгершілік, отбасынан бастау алып, мектеп қабырғасынан кеңірек жан-жақты тәрбиелеу мақсатында «Әдептілік – тәрбие бастауы» тақырыбында қашықтықтан аудандық әдістемелік семинары өз дәрежесінде ұйымдастырылды.Бастауыш сынып мұғалімі Нұржанова Раушан 4А сынып оқушыларымен «Әкешім бәйтерегім» тақырыбында өткен топтық сабағы, Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ахмедова Айнұр 5А сынып оқушыларымен «Әке – тірегің, бала – жүрегің» тақырыбында ашық тәрбие сағаты, Педагог-психолог Сәді Гүлнұр 9 сынып оқушыларымен «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында өткен дөңгелек үстел /тренинг/, қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Сейдазова Наргиза 7 сынып оқушыларымен «Әкеге құрмет, балаға міндет» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Семинардың қорытындысы бойынша кері байланыс жасалынып және мұғалімдер мен оқушылардың ұйымдастыруымен әдеби – сазды кешпен қорытыланды.

Қатысты жаңалықтар

Әкімдік жер мәселесін шешуді қолға алған

Bastynews

As Retailers Close, Thrift Stores Reach Customers on Facebook and Instagram

Bastynews

АҚШ консулдығы «Борат 2» фильміне қатысты ресми жауап берді

Bastynews