Санатталмаған

МАҚТААРАЛ: АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ЕЛГЕ ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

Бүгін Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға байланысты Түркістан облыстық және Мақтаарал, Жетісай аудандарының ардагерлер кеңесі үндеу жариялады. Бұл үндеу облыс халқына, кәсіпкерлерге, қоғамдық ұйымдар мен еріктілерге де арналған.

Атакент кентінде өткен жиынға Түркістан облыстық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев,облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Кенжехан Төлебаев, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы, ғалым Ибадулла Үмбетаев қатысып, жиналғандарға үндеудің негізгі мақсаты мен мазмұнын түсіндіріп берді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған AZATMEDIA.kz.

«Бұл біздің өңір халқының басына түскен ауыр нәубет, үлкен сын. Біздер, Түркістан облысы халқы, мызғымас бірлігіміздің, татулығымыздың, ынтымағымыздың арқасында мұндай сындардан талай рет өткенбіз. Мемлекеттің, қалың жұртшылықтың қолдауымен бұл сыннан да өтетіндегімізге сеніміміз кәміл. Тасқын су зардап шеккен, құлаған, пайдалануға жарамсыз болып қалған нысандарды қалпына келтіруге, сөйтіп тұрғындарды қалыпты өмірге көшіруге едәуір мөлшерде қаражат, құрылыс материалдары, техника мен қол күші қажет болады. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деген аталы сөз бар. Ендеше әрқайсымыз мүмкіндігімізге қарай үлесімізді қоссақ үлкен іс жасаған, елдігімізді танытқан болар едік», – деді үндеу мәтінін жария еткен облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Кенжехан Төлебаев.

Жиында сөз алған Түркістан облыстық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары тасқын сумен күрес жұмыстарының барысын баяндап,қайырымдылық шараларының арқасында арнайы қоймадағы азық-түліктің сағат санап молайып келе жатқанын жеткізді.

«Тасқын су салдарынан Мақтаарал ауданында жалпы 6127 тұрғыны бар 5 елді мекенде 845 тұрғын үй зардап шекті. Бұдан бөлек, 3 мектеп, 5 балабақша, 4 медицина нысаны мен 1 мәдениет үйі, сондай-ақ, 10 дүкен суда қалды. Бұл оңай шығын емес. Ендеше, облыс халқы қиындыққа тап болған мақтааралдықтарға көмек қолын созып, қиындықты бірге еңсеруге атсалысары сөзсіз»,- деген Бейсен Дәулетұлы ардагерлердің бастамасына қолдау білдірді.

Аталған үндеуге қолдау білдірген облыс халқы, кәсіпкерлері мен еріктілері қазірдің өзінде облыстық қорға 1 млн теңге көмек қаржы аударып үлгерген. Бұл көлем алдағы уақытта еселеп өсіп, жиналған қаржы-қаражаттар тұрғын үй, жол салу жұмыстарына бағытталатын болады.

 #AzatMedia

 

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру