Санатталмаған

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА СУ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ

AzatMedia.kz. Түркістан облысы Мақтаарал ауданында тасқын су деңгейі едәуір төмендей бастады. Бұл туралы онлайн брифингте облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді.

Жалпы 6128 тұрғыны бар 5 елдімекенді су басқан болатын. Олар: Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас және Достық ауылдары. Қазіргі таңда бұл ауылдарда су басу қаупі төмендеген. Атап айтқанда, 5 мамыр күнгі дерек бойынша Жеңіс елдімекенінде су деңгейі 2 см-ге төмендеген.

Жаңатұрмыс ауылында бұл көрсеткіш 3 сантиметрге, Өргебас ауылының кіре берісінде 6 см-ге азайған. Арай елдімекенінде 4 см-ге азайған», деп мәлімдеді С. Қалқаманов.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары 6 мамырдан бастап эвакуациялық пункттегі балалар сабақтарын қашықтан оқитын болатынын жеткізді. Бұл ретте білім басқармасы оқулықтар мен оқу құралдары тиелген жүк көлігін Мақтааралға жіберген.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданы аумағынан ағын суды тез арада шығару мақсатында Өзбекстан Республикасы тарапынан Жетісай ауданы, Қоғалы елдімекенінің маңынан «Орталық бетпақдала коллекторы» арқылы автожол көпірін айналып өтетін канал қазылған.

 

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру