Қоғам

Шанақ ауылдық округі 100 пайыз ауыз сумен қамтылады

Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Шанақ ауылдық округі  100 пайыз ауыз сумен қамтылады – деп хабарлайды, Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Жалпы Шанақ ауылдық округіне 5 елді мекен топтастырылған. Тұрғындарының саны 4 мыңға жуықтайды. Қазірде үш ауыл жұрты ,атап айтсақ, Шанақ, Ескі Шанақ, Ақжарда 24 сағат ауыз су тұтынуда. Десек те, орталықтан шалғай жатқан Шанақ темір жол бекеті мен Ыза-бұлақ елді мекенінің тұрғындары құдықтың суын тұтынуға мәжбүр болып отырған еді. Бұл олқылық келер жылы оңтайландырылмақ. Ауыл халқының мәселесімен танысуға арнайы келген аудан әкімі Төлеген Телғараев келер жылы екі ауылға ауыз су жеткізіледі деп сендірді. Құрылыс жұмыстарының жобалық сметалық құжаттамасы да әзірленіпті. 2021 жылға 100 млн теңге қаржы бөлінген. Тиісінше жұмыстар да келер жылы бастау алмақ.

Осылайша, алдағы 1-2 жылдың көлемінде Шанақ ауылдық округінің тұрғындары 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтыладытн болады. Бұл Ел Президентінің қойып отырған талабының бірі.

Қатысты жаңалықтар

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ГРАНТ ЖЕТЕ МЕ: ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ЖАУАП БЕРДІ

bastynews

Нұр-Сұлтанда оқыс оқиға болды

Bastynews

Мемлекет басшысы Американың бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел» отырысында сөз сөйледі

bastynews

Пікір қалдыру