Қоғам

Төлеген Телғараевтың тындырған тағы бір тірлігі

Ескі Шанақ елді мекеніне байланыс құрылғысы орнатылды – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев облыстағы аудан әкімдерінің рейтінгісінде алдыңғы қатардан көрінгені баршаға мәлім. Бұған өңір басшысының халықпен тығыз жұмыс жасайтындығы сеп болса керек. Өйткені, аудан әкімінің араласуымен осыған дейін ұялы байланысқа зәру болып келген Шанақ ауылдық округіне қарасты Ескі Шанақ елді мекеніне байланыс орнату жұмыстары жүргізіліп, бүгінде толықтай пайдалануға берілді. Қазіргі таңда ауылдық округте 3 бірдей оператор «Beeline» «Activ» «Tele2» қызмет көрсетеді.  

Бұл Пандемияға байланысты енгізілген карантин қордалаған мәселелердің бірі. Ауылға жылдамдығы жоғары интернет желісінің жеткізілуі қашықтықтан оқытуға мәжбүр болған ұстаздар қауымы мен оқушылар үшін бұл жағымды жаңалық болып отыр. Өйткені олар осыған дейін интернет желісінің баяу жұмыс жасауының салдарынан қолдағы бар ресурстарды пайдаланып оқуға мәжбүр болған еді.

Алдағы уақытта аудан аумағын толықтай жылдамдығы жоғары интернет желісімен қамтамасыз ету басты назарда.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан ауған босқындарын қабылдайды ма – СІМ түсініктеме берді

Bastynews

«Өзімен өзі екі қыз бір-бірімен жатып жүр. Сізге де, маған да қатысы жоқ екі қыздың. Жата берсін» – Филолог пікірі сынға ұшырады (видео)

Bastynews

Иматов Қанат Абдурахманұлының сайлауды алды бағдарламасы

Bastynews

Пікір қалдыру