Басты жаңалықтар

5 қарашадан бастап қатаң карантин енгізіледі

Карантин международный

Azatmedia.kz. Ұлыбритания үкіметі Англияда коронавирустың жылдам таралуына байланысты 5 қарашадан бастап 2 желтоқсанға дейін қатаң карантин енгізетін болды.

Ұлыбритания үкіметі Англияда коронавирустың жылдам таралуына байланысты 5 қарашадан бастап 2 желтоқсанға дейін қатаң карантин енгізетін болды.  Бұл туралы елдің премьер-министрі Борис Джонсон хабарлады, – деп жазады ria.ru.

Коронавирустың екінші толқыны басталған соң ел үкіметі Англияда 12 қазаннан бастап үш деңгейлі қатаң карантин жүйесін енгізген болатын (Уэльсте  жұмада 9 қарашаға дейін қатаң карантин енгізілді,  Шотландияда және Солтүстік Ирландияда  да қатаң шектеу шаралары енгізілген).Адамдар енді мүмкіндігінше үйден жұмыс істеуге мәжбүр, басқа отбасы мүшелеріне бір-бірімен ғимаратта, көшеде кездесуге тыйым салынды.

«Вирус өте жылдам таралып жатыр. Коронавирусты жұқтырғандар саны артып,  өлім-жітім көбейіп барады. Жүктеме көп болған жағдайда дәрігерлер мен медбикелер кімді құтқару, кімді құтқармау керектігін өздері шешетін болады.  Шара қабылдайтын уақыт келді», — деді  Джонсон сенбіде баспасөз конференциясында.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысының Жарлығымен Денис Алексеевич Шипп Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы лауазымынан босатылды

bastynews

Әлемде баламасы жоқ құрылғы ойлап тапқан қазақстандық ғалым жайлы не білеміз

Bastynews

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді

bastynews

Пікір қалдыру