Басты жаңалықтар

Түркістан: Түрмеге әкелінген мантыдан ұялы телефон табылды

манты

Түркістан облысының тұрғыны түрмедегі туысына манты ішіне ұялы телефон салып кіргізбек болған. Бұл туралы облыстағы ИЧ 167/9 мекемесінің басшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Мекеме өкілдерінің мәлімдеуінше, сотталушының жақындары телефонмен қоса, телефон чипін де жібермек болған. Бұл осыдан бір ай бұрынғы жағдай.

Ал күні кеше тағы бір сотталушының туысы сәлем-сауқат ішіне тыйым салынған зат салып жібергені анықталды. Белгілі болғандай, сәлем-сауқатпен жеткізілген 3 литрлік «Кока-кола» сусынынан спирттік ішімдік анықталған. Сондай-ақ, спорттық аяқ киімнің ішіне 20 мың теңге салып жіберген екен. Енді олардың әрекеті заңмен жазалануы мүмкін, – делінген хабарламада.

Қатысты жаңалықтар

«БЗЖҚ біріккен тұста өте қызық жағдайда 90 млрд теңге жоғалып кетті» – қоғам белсендісі дабыл қақты

Bastynews

Карантин жеңілдетілмейді – Цой

Bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛІП, ӨҢІР РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАДЫ

bastynews

Пікір қалдыру