Басты жаңалықтар Спорт

«Головкин VS Шеремета» чемпиондық белбеу үшін өтетін кездесуі тағы кейінге шегерілді

Шеремета Головкин

Орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) шаршы алаңға шығатын уақыты тағы да кейінге шегерілді, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы негізі жекпе-жегін қараша айында АҚШ жерінде өткізуі керек болатын. Оның қарсыласы да белгілі еді. Головкин IBF белбеуінің міндетті қарсыласы польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) айқас өткізуі керек еді. Бірақ польшалық боксшының промоутері Анджей Василевски жекпе-жектің кейінге шегерілгенін хабарлады. 

«Біз тікелей Головкиннің командасынан жекпе-жек желтоқсанның аяғында немесе қаңтардың ортасында өтуі мүмкін деген ақпарат алдық. Дегенмен біз бұған дейін де мұндай хабар алған едік. 

Бұл жағдай боксшының өзіне, бапкерлер мен промоутерлерге кері әсерін тигізуі мүмкін. Біз кездесудің нақты қашан өтетінін асыға күтіп жүрміз. Камил күн сайын жаттығу жасап жатыр. Жекпе-жектің кейінге шегерілгеніне ол да уайымдап отыр», – деп келтіреді промоутердің сөзін RingPolska. 

Негізі Головкин шаршы алаңға 2020 жылдың ақпан айында шығуы керек еді. Бірақ кейін ол наурызға ауыстырылды. Дегенмен ол кезде жаттығу барысында Головкин жарақат алып, жекпе-жек тағы кейінге қалды. 

Еске салайық, Головкин соңғы рет шаршы алаңға 2019 жылдың қазан айында Нью-Йорк қаласында шығып, украиналық Сергей Деревянченконы жеңген болатын.

Қатысты жаңалықтар

Конституцияның 25 жылдығына арналған мерекелік медаль табысталды

Bastynews

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ТАМАҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКА ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫМЕН ТАНЫСТЫ

bastynews

Елімізде 1 қараша күні 442 адамнан коронавирус анықталды

Bastynews

Пікір қалдыру