Басты жаңалықтар

Қазақстандық фильм шетелдік кинофестивальде Гран-при жеңіп алды

«18 килогерц» фильмі – 90 жылдардың соңындағы жасөспірімдердің өмірін баяндайтын көшедегі оқиға.
Конкурста аталған лентаның әлемдік премьерасы өтті деп жазды «Вечерний Алматы» басылымы. Бұл туралы Azatmedia.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

«18 килогерц – бұл ересектер естімейтін дауыс жиілігі. Фильм жасөспірімдердің проблемаларына арналған. Ашығын айтсақ, біз үшін есейе келе жастардың проблемаларын түсіну қиындай береді.Кейбір мәселелер жас кезімізде шешілмейіндей көрінетін. Өз туындым арқылы сол жастық шақты еске салғым келді», – дейді Фархат Шәріпов.

Түсірілім Алматы қаласында өткен. Фильмге түскен жас актерлар үшін бұл дебют болды – Мұсахан Жұмахан, Әлібек Әдікен және Камила Фун-Со. Фильм Зара Есенаманның «Хардкор» кітабына негізделіп түсірілген.

Оның сценариін Шәріповтың өзі жазды. Туынды жастар проблемасына арналған трилогияның алғашқы бөлімі ретінде ойластырылған.

Қатысты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ: ҚҰС ФАБРИКАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫС БОЯУЛАРЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ

bastynews

Тихановская Лукашенконың 25 қазанға дейін қызметтен кетуін талап етті

Bastynews

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ 2024: СЫЗДЫҚОВТАР ӘУЛЕТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

bastynews

Пікір қалдыру