Басты жаңалықтар

5,2 миллиард: Шымкент әуежайы сатылады

Шымкент

Шымкент әуежайы 100 пайыз сенімді басқаруға берілмек. Сенімді басқаруға алған компания нысанды сатып алу құқығын да иеленеді, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы агенттігі lsm.kz сайтына сілтеме жасап.

Әуежайдың құны 5,2 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Сауда-саттық 8 қазанда басталады. Қазіргі уақытта әуежай Шымкент қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігі болып табылады.

Жаңа басқарушы әуежайдың ғимараты мен жерінен бөлек 80 көлікті, оның ішінде үш Toyota Corolla, екі Toyota Land Cruises 200 және бір Land Rover Discovery «темір тұлпарларын» пайдаланатын болады.

Келісім бойынша жаңа басқарушы әуежайға кемінде 6 миллиард теңге инвестиция құюы тиіс. Бұл қаражаттар терминалды қайта жаңғыртуға, арнаулы техникалармен қамтамасыз етуге жұмсалуы керек.

Сонымен бірге компания әуежайдағы жұмыс орнын сақтап, 2021 жылға қарай әуе тасымалынан түсетін пайданы 150 миллион теңгеден кем болмайтындай дәрежеге жеткізуі тиіс.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАРЫ МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕРІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

bastynews

САУРАН АУДАНЫНДА 300-ГЕ ЖУЫҚ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ

bastynews

Билл Гейтс коронавирустың одан сайын өршейтінін ескертті

Bastynews

Пікір қалдыру