Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та ахуал нашарлап барады

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 200 мыңнан асты, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы Джон Хопкинс университеті мамандары мәлімдеді. АҚШ-тың 30-ға жуық штатында коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсіп барады. Жалпы елде 6,9 миллионнан астам адам аталған індетке шалдыққан. Оның 2,6 миллионы жазылып шықты. Жалпы вирус жұқтырғандар саны бойынша Құрама Штаттар әлемде бірінші орында тұр.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирусқа байланысты Қытайды жауапқа тарту керегін айтқан болатын. «Басында Қытай билігі мен Пекиннің сөзі жүретін ДДСҰ  коронавирустың адамнан адамға жұқпайтынын мәлімдеді. Сосын ағзасында вирустың симптомсыз түрі анықталған адамдар ауру таратпайды деп тағы да қателесті» – деген болатын ақүй басшысы БҰҰ Бас ассамблеясы алдында сөйлеген сөзінде.

Қатысты жаңалықтар

РЕТСІЗ САУДА ЖАСАУШЫЛАРҒА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Bastynews

СВЕТЛАНА СМАҒҰЛОВА: АШТЫҚҚА ҰШЫРАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ САНЫН АНЫҚТАУ АСА МАҢЫЗДЫ

bastynews

Қазақстандық фильм танымал фестивальде бас жүлдеге ие болды

Bastynews

Пікір қалдыру