Соңғы жаңалықтар

Қытай көшбасшысын сайқымазаққа теңеген адам 18 жылға сотталды

Си Цзиньпиннің коронавируспен күресудегі шараларын сынаған Қытайдың ұлттық құрылыс компаниясының топ-менеджері Жэнь Чжицян 18 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Сот Жэнді өз лауазымын асыра пайдалану бойынша айыпты деп тапты. Мәліметтер бойынша, ол 19 миллион доллар көлемінде пара алған. Сондықтан 18 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты. Бұдан бөлек, ол 620 мың доллар көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Айыпталушы кінәсін мойындаған.

 Жэнь 2020 жылдың 12 наурызында із-түссіз жоғалған болатын. Артынша оның тұтқындалғаны туралы дерек шыққан. Ақпан айында ол Қытай көшбасшысының коронавируспен күресуге қатысты шараларын сынап, Си Цзиньпинді сайқымазаққа теңеген болатын.

Айта кету керек, Жэнь Чжицян – Қытай коммунистік партиясының мүшесі.

Қатысты жаңалықтар

Шымкентте электрондық үкімет порталына жүгінушілер саны артып келеді

Bastynews

Таулы Карабах дауы: Путин кімді жақтады?

Bastynews

ДОЛЯ ШЫМКЕНТА ПО РАЗВИТИЮ ЛЕГКОЙ ПРОМЫШЛЕННОСТИ В РЕСПУБЛИКЕ СОСТАВЛЯЕТ 20,7%

Bastynews

Пікір қалдыру