Басты жаңалықтар

Еліміздегі орташа жалақы – 211 мың теңге

Деньги

Қазақстанда орташа жалақы 211 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Статистика Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылғы тамызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 211 226 теңгені құрады», – делінген хабарламада.

Шілде айында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 111 867 теңгені құрады (алдын ала деректер), бұл 2019 жылғы шілдедегіге қарағанда 6,1% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,9%-ға төмендеді.

«ХЕҰ әдістемесі бойынша анықталған жұмыссыздар саны 2020 жылғы II тоқсанда 454 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 5% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2020 жылғы тамыздың соңына 219,2 мың адамды немесе жұмыс күшіне 2,4% құрады», – делінген Статком таратқан мәліметте.

Қатысты жаңалықтар

6 МЫҢНАН АСТАМ АРДАГЕР МЕН ЗЕЙНЕТКЕРГЕ ШИПАЖАЙҒА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

bastynews

Карты «Ата жолы»: этнические казахи со всего мира используют возможность интеграции с исторической родиной

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ БАҒЫТЫНДАҒЫ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ЖАНДАНАДЫ

bastynews

Пікір қалдыру