Соңғы жаңалықтар

Леңгір қаласының ажары арта түсті

Түркістан облысы, Төле би ауданы, Леңгір қаласындағы Төле би және Қапал батыр көшелерінің қиылысындағы шатқалды абаттандыру жұмыстарына тұрғындар дән риза, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Леңгір қаласының ажарын ашатын жобаның сметалық құны – 319 миллион 759 мың теңге (2019 жылға – 188 миллион 783 мың теңге, 2020 жылға – 130 миллион 976 мың теңге). Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталған болатын. Мердігер компания – «ПМК-7Л» ЖШС.

Жоба авторы «КАЗ НУР» ЖШС болса, «Мир Строй и Компания» ЖШС қадағалаушы мекеме болды. Абаттандыру жұмыстарының нәтижесінде қаладағы жасыл белдеудің аумағы артып, тұрғындар демалатын орын кеңейе түсті. Қала көркін келтірген бұл жобаға аймақ тұрғындары да дән риза.

Қатысты жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТЫҚ КӨП БАЛАЛЫ ЖЕКЕ КӘСІПТІ ТАҢДАП ОТЫР

Bastynews

1 қыркүйек алдында бала иммунитетін қалай көтеруге болады

Bastynews

Дебаттық қозғалыс – жеке дағдыларды дамыту негізі

Bastynews

Пікір қалдыру