Басты жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫС ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ ҚАДАМ БАСТЫ

Волонтерлер форумында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі еріктілер қозғалысының даму қарқынына тоқталып, нақты деректер келтірді. Президенттің айтуынша, 2020 жылы 50 мың болған волонтерлер саны бүгінде 300 мың адамға жеткен. Сонымен қатар, қоғамдық пайдалы іспен айналысатын ұйымдардың қатары 800-ден асты.

Қазіргі таңда Қазақстанда бір ұлттық және жиырма аймақтық фронт-офис табысты жұмыс істеп тұр. Волонтерлер экология, білім, мәдениет және әлеуметтік салада маңызды бастамаларды жүзеге асыруда. Мемлекет басшысы «Жас ағаш», «Эко бақылау», «Білім волонтерлері» секілді жобалардың ел үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Президент волонтерлік қызметке заманауи технологияларды енгізу қажеттігін айтып, волонтердің цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысты толық қолдайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, жасанды интеллект пен цифрлық жүйелер қоғам игілігіне қызмет етуі тиіс, ал еріктілер қозғалысы бұл үрдістен тыс қалмауы керек.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке еріктілер ісін дамытуға арналған 2030 жылға дейінгі жаңа стратегиялық құжат әзірлеуді тапсырды. Бұл құжат волонтерлік қозғалысты жүйелі түрде қолдап, халықаралық міндеттемелерге сай дамытуға бағытталмақ.

Қатысты жаңалықтар

20-дан астам қызметкері бар еңбек ұжымына екпе салдыру міндеттеледі – ДСМ

Bastynews

Баласымен жасты жігіпен құшақтасқан қазақстандық жұлдыздың басы дауға қалды (ВИДЕО)

Bastynews

ПОЛИЦИЯ МЕН ТЖ ӨКІЛДЕРІ ШЫМКЕНТТЕГІ №231 УЧАСКЕДЕ ДАУЫС БЕРДІ

bastynews