Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы инста-той өтеді

«Спарта» КТК командасының капитаны Данияр Жұмаділов «Жақсылық жаса» акциясына қосылатынын айтып, бұрын-соңды болмаған тың бастаманы көтерді, – Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

«Мен де тыс қалмай, «Жақсылық жаса» акциясына қатысамын деп шештім. Жас жұбайлар махаббатын суреттейтін үздік бейнероликке байқау жариялаймын. Жүлде – инстаграмның тікелей эфирінде онлайн үйлену тойын өткізу. Онда беташар, шоу-бағдарлама, шоу-балет, жұлдыздар – бәрі болады», – деп жазды Данияр Жұмаділов Instagram парақшасында.

Бұл тойдың басты кеіпкерлері болуға ниетті жас жұбайлар вайн, қалжың, лирика түрінде өздерінің махаббатын суреттейтін шағын бейнеролик түсіріп жіберуі тиіс.


⠀
«Тікелей эфир барысында барлық жұптың ішінен жеңімпазды ұлым Әли таңдайды. Ал біз керемет онлайн-үйлену тойын өткізіп береміз. Өз атымнан сыйлық та бар» деп жазды актер.
⠀
Байқау шарттарын тележүргізушінің инстаграм парақшасынан көруге болады. 8 күннен кейін тікелей эфирде қорытындысы шығатынын да естен шығармаған жөн.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан: Жол жөндеу жұмыстары жоғары деңгейде жүріп жатыр

Bastynews

ТҮРКІСТАНДА БІРЛІКТІ НАСИХАТТАҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

bastynews

Деструктивті діни ағымдардың қоғамдағы зардабы

Bastynews

Пікір қалдыру