Соңғы жаңалықтар

Төрт баласын өлтірген әйел полицияға келіп, кінәсін мойындады

Убица

Тәжікстанда 30 жастағы әйел 4 баласын тұншықтырып өлтірген, – деп хабарлайды Azatmedia.kz тілшісі «Радио Озоди» сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 9 қыркүйекте түсте Хатлон облысында болған. Ішкі істер министрлігі оқиғаның болғанын растап, бүгінде әйелдің қамауға алынғанын жеткізді.

Дереккөздің мәліметінше, әйелдің аты-жөні – Назокатхон Тоирова. 2 күн бұрын ол балаларымен бірге ағасының үйіне барған. Назокатхонның күйеуі құрылыста жұмыс жасаған. Қайғылы оқиға болған күні ол үйінде болмапты. Әйел 10, 8, 4 жастағы балалары мен 1 жасар сәбиін тұншықтырып өлтіріп, полицияға барған. Онда ол өз кінәсін мойындапты.

Әйелдің мұндай жантүршігерлік қылмыс жасауға не итермелегені әлі белгісіз. Құқық қорғау органдары бұл істі прокуратура тергейтінін атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

ЖАҢА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Bastynews

ОБЛЫСТЫҢ АЙШЫҚТЫ ДА КӨРНЕКТІ ЖЕРЛЕРІН НАСИХАТТАУДА СЫРТҚЫ ТУРИСТЕРДІ ТАРТЫП ҚАНА ҚОЙМАЙ ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ІСІ ДЕ БИЫЛ ПАНДЕМИЯҒА ҚАРАМАСТАН НӘТИЖЕЛІ БОЛДЫ

bastynews

Ветеринарлар бірдейлендіру жұмыстарын жүзеге асыруда

Bastynews

Пікір қалдыру