Ақпарат

Қауіпсіз әрі ыңғайлы

Түркістан облысы, Келес ауданы,  Алпамыс батыр ауылдық округінің көшелері жарықтандырылмақ, деп хабарлайды Azatmedia.kz.

Алпамыс ауылдық округінің көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізу мақсатында Қауыншы елді мекені, Б.Майлин көшесіне 850 метр, сондай-ақ, Көктің ұлы көшесінің 3150 метр аумағына жарықтандыру шамдарын орнату жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған жоба құны 41 миллион теңгені құрайды.

Ал, Ақжол елді мекенң Жібек жолы көшесіне 1500 метр, С.Қожанов көшесіне 560 метр, Абай көшесіне 234 метр, Бөгенбай көшесіне 520 метр аумағына жарықтандыру шамдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш нысан құрылысының жұмыстары 2020 жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі.

«Бұл шамдар электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік беріп, қарапайым шамдарға қарағанда әлдеқайда жарық болады. Үнемділігі – 35-40%. Сондай-ақ, олар жолдарда, әсіресе, түнгі уақытта тиімділігі жоғары және жолдарды автокөлік жүргізушілері үшін жарық және қауіпсіз етеді. Бұл жаяу жүргіншілер үшін де ыңғайлы», – дейді жауапты мамандар.

Ауылдық округінің қалған көшелерінің жарықтандыру жұмыстарын 2023 жылға дейін толықтай беруді жоспарлап отыр.

Қатысты жаңалықтар

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛАСЬ НОВАЯ ИННОВАЦИОННАЯ ШКОЛА №140 НА 2000 МЕСТ

bastynews

АҚОРДАДА ЕРЕКШЕ КҮН: БАЛАЛАР ҮШІН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ЭКСКУРСИЯ – БОЛАШАҚҚА СЕНІМ МЕН ШАБЫТ СЫЙЛАҒАН ШАРА

bastynews

«ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫ: ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ЖАҢА ӨНДІРІСТЕР ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

bastynews

Пікір қалдыру