Ақпарат

«Аяусыз жазаланады». Аймағамбетов мұғалімдердің құқығын бұзғандарға ескерту жасады

Аймағанбетов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің құқығын бұзғандар «аяусыз жазаланатынын» айтты. Бұл туралы министр республикалық тамыз кеңесінің пленарлық отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azatmedia.kz

– Мұғалім күнделікті екі құжатты ғана толтыруы керек. Әріптестеріміз басқа құжаттардан босатылды. Осы бұйрықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Колледж, университет, балабақшаларда да есеп-қисап күрт төмендейді. Ондаған бұйрық алынды, бұл жұмысты әрі қарай жалғастырамыз, – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Министр мұғалімдердің қағазбастылықтан босатылғанын айта келіп, ережені бұзғандар «аяусыз жазаланады» деп ескертті.

– Аз уақыт ішінде 30 шақты басшы әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылды. Мұғалімдердің құқығын бұзған ата-аналар, басқа да тұлғалар жауапқа тартылады. Әрине, бұл жеткіліксіз. Бұл жұмыс әлі де жалғасын табады, – деп сөзін түйіндеді.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Bastynews

ТРАНСФОРМАЦИЯ СИСТЕМЫ ТВОРЧЕСКО-ТЕХНИЧЕСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ В ШЫМКЕНТЕ: КАДРЫ НОВОГО ПОКОЛЕНИЯ ДЛЯ ЦИФРОВОЙ ЭКОНОМИКИ

bastynews

«Ел үшін еңбек еткеннің есімі мәңгілік» деген қанатты сөз ұлы ойды жеткізеді. Бұл – ел игілігі жолында аянбай еңбек еткен тұлғалардың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын білдіреді.

bastynews

Пікір қалдыру