Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЫНТЫМАҚ-2 ШАҒЫН АУДАНЫНА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ТАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында орналасқан «Ынтымақ»-2 шағын ауданында ауыз су мәселесі өзекті. Мұндағы тұрғындар тіршілік нәрін күні бүгінге дейін сатып алады екен. Бір аптаға 15 мың теңге төлеп сатып ішкен 400 литр су әрең жететін көрінеді.

Осыған орай, «Ынтымақ-2» шағын ауданына су құбырын тарту үшін жобалық сметалық құжаттары дайындалып, қала қазынасынан 50 млн тг қаржы қаралған. Бүгінде мұндағы 10 көшеге су құбырлары тартылды. Құрылыс жұмыстарын «Ахмет» ЖШС жүргізуде. Жұмыс сапасына кепілдік мерзімі бес жылды құрайды.

«Бұл мұқтаждық 2021 жылдың 2-жартыжылдығына жетпей шешіледі. Сонда осындағы үш жарым мың үй толықтай ауыз сумен қамтылатын болады»,-дейді Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілеш.

«Ынтымақ»-2 шағын ауданына ауыз су тарту жұмыстары мамыр айында басталған болатын. Қазірде құрылыс жұмыстары қарқын алған. Мердігер мекеме жұмысшы санын көбейтіп, ауыз су жүйесін белгіленген кестеден ерте бітіруді жоспарлап отыр.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ «ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕ» ҚЫЗМЕТІНЕ 24197 АЗАМАТ ЖҮГІНГЕН

Bastynews

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ ТӨЛЕБИ АУДАНЫ 100 ПАЙЫЗ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ ДЕП ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР

Bastynews

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ТАҒДЫР ТАУҚЫМЕТІН ЖЕҢУГЕ МҮМКІНДІК БЕРГЕН ОРТАЛЫҚ

bastynews

Пікір қалдыру