Ақпарат Жаңалықтар Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ ИМАМДАР МЕН СПОРТШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

Шымкент қаласында «Діни тұрақтылық – қоғам қауіпсіздігінің негізі» тақырыбында имамдар мен спортшыларға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтті.

12 қазанда ұйымдастырылған кездесулердің негізгі мақсаты – діни сауаттылықты арттыру, қоғамдық келісімді нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Имамдармен кездесуде қоғамдағы рухани тұрақтылықты сақтау, діни сауаттылықты арттыру және тұрғындар арасында өзара түсіністік пен татулықты қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Ал спортшылармен өткен кездесуде жастарды отансүйгіштікке, тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеу, спорттың қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтудағы рөлі сөз болды.

Кездесулер барысында діни тұрақтылықты сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.

Қатысты жаңалықтар

СИСТЕМНОЕ РАЗВИТИЕ ДОШКОЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ В ГОРОДЕ ШЫМКЕНТ: ПРИОРИТЕТ – КАЧЕСТВО И ДОСТУПНОСТЬ

bastynews

ДРЕЗДЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫНЫҢ ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОРЫС ТІЛІНІҢ ЗАМАНАУИ КОММУНИКАЦИЯДАҒЫ РОЛІ ТУРАЛЫ ЛЕКЦИЯСЫ

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 200-ДЕН АСТАМ ДӘРІГЕР ТАПШЫ

Bastynews