Қоғам

ДРЕЗДЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫНЫҢ ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОРЫС ТІЛІНІҢ ЗАМАНАУИ КОММУНИКАЦИЯДАҒЫ РОЛІ ТУРАЛЫ ЛЕКЦИЯСЫ

Германияның Дрезден технологиялық университетінің профессор Хольгер Куссе Шымкент университетінде «6В01703 Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының оқытушы-профессорлары мен студенттері арасында ғылыми-тәжірибелік кездесуді ұйымдастырды. Бұл іс-шара лингвистика саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастық пен білім алмасудың маңызды қадамы болды.

Кездесу барысында профессор Хольгер Куссе орыс тілінің қазіргі коммуникациялық мәдениеттегі рөлін жан-жақты талдап, оның теориялық және практикалық аспектілеріне ерекше назар аударды. Орыс тілі – әлемдегі кең таралған тілдердің бірі болып табылады, ол тек ақпарат алмасу құралы ғана емес, сонымен қатар мәдениет пен өркениеттің маңызды элементі. Профессор өз лекциясында тілдің әлеуметтік-прагматикалық функцияларын, дискурстық ерекшеліктерін және тілдік қатынастың заманауи тенденцияларын талдады.

Лекция барысында лингвистика ғылымының негізгі бағыттары – корпус лингвистикасы, когнитивті лингвистика және дискурстық анализ қарастырылды. Осы бағыттар аясында тілдің құрылымы мен қолданылу ерекшеліктері, сондай-ақ тілдік мәліметтерді жинау мен өңдеудің инновациялық әдістері талқыланды. Профессор қазіргі заманғы тілдік зерттеулерде қолданылатын технологиялық құралдардың, оның ішінде жасанды интеллект пен деректерді өңдеу әдістерінің рөліне де тоқталды. Бұл тәсілдер тіл білімінде жаңа мүмкіндіктер ашып, зерттеушілерге тілдік үрдістерді тереңірек түсінуге және қолдануға мүмкіндік береді.

Орыс тілінің коммуникация мәдениетіндегі орны қазіргі жаһандану жағдайында ерекше маңызды. Профессор тілдің көпмәдениетті қоғамдағы рөлін атап өтіп, тілдік әртүрлілік пен көптілділіктің өзара әрекеттесу ерекшеліктерін талдады. Оның айтуынша, тіл мәдениеттер арасындағы көпір қызметін атқара отырып, әлемдік білім кеңістігін кеңейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар, көптілділік лингвистикалық икемділікті дамытып, тілдік құзыреттілікті арттыруға септігін тигізеді.

Студенттер мен оқытушылар арасындағы интерактивті сұхбат барысында профессор Хольгер Куссе ғылыми-зерттеу әдістері мен академиялық жазу дағдылары туралы кеңінен әңгімеледі. Ол диссертациялық жұмыстарды жазудағы академиялық этика, ғылыми жарияланымдарға қойылатын талаптар және халықаралық ғылыми коммуникацияның ерекшеліктері жөнінде тәжірибесімен бөлісті. Бұл ақпарат жас ғалымдарға өз ғылыми жұмыстарын халықаралық деңгейде сапалы түрде жүргізуге көмектеседі.

Сонымен қатар, профессор тілдік саясат пен тілдің мәдениетаралық коммуникациядағы ролі туралы сөз қозғады. Ол қазіргі әлемде тілдік саясаттың ұлттық және халықаралық деңгейде өзекті мәселелерін талқылап, тілдік құқықтар мен тілдік әртүрлілікті қорғаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл мәселелер білім беру мен ғылыми зерттеулерде де маңызды орын алады, себебі тілдік ортаны дұрыс қалыптастыру арқылы ұлттың рухани және мәдени дамуына жағдай жасалады.

Кездесу барысында халықаралық академиялық интеграция мәселелері де кеңінен қаралды. Профессор Хольгер Куссе халықаралық ғылыми жобаларға қатысу, академиялық ұтқырлықты дамыту және шетелдік университеттермен ынтымақтастық орнату қажеттілігі туралы атап өтті. Бұл бағыттар жастарға жаңа білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға, сондай-ақ кәсіби тәжірибені кеңейтуге мүмкіндік береді.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандағы ауасы ең лас аймақтар анықталды

Bastynews

Әлемнің кез келген нүктесінде – Қазақстан сізбен бірге

bastynews

Социальные объекты под особым контролем: школы и больницы Шымкента полностью готовы к зиме

bastynews