Қоғам

3 адамды пышақтап кеткен күдікті ұсталды

Нож Убица
Қарағанды қаласында пышақ жарақатымен үш адам ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап

31 тамыз күні сағат 13.00 шамасында Қарағанды қаласы Октябрь ауданындағы Бабушкина көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан қалалық ауруханаға пышақ жарақаттарымен қаланың үш тұрғыны жатқызылып, біреуі алған дене жарақаттары салдарынан қайтыс болған.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-тармағы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қызметкерлері аталған іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қатысты жаңалықтар

Сарыағаш: Дербісек ауылдық округіндегі ауыз су мәселесі шешіліп келеді

Bastynews

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМДЫҚ ТАТУЛЫҚ ПЕН САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА «ЮЖНЫЙ КАЗАХСТАН» ГАЗЕТІНІҢ 100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

bastynews

Пікір қалдыру