Қоғам

«ҚАЙЫРЫМДЫ ІС – ЖАН АЗЫҒЫ» АКЦИЯСЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ӨТТІ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Жетісай ауданында «Қайырымды іс – жан азығы» акциясы аясында ізгілік пен мейірімділікті дәріптеуге бағытталған ауқымды шара өтті.

Акцияның негізгі мақсаты – ерекше балалар мен олардың отбасыларына қолдау көрсету, қоғамдағы қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және игі істерімен өзгеге үлгі болып жүрген азаматтардың еңбегін насихаттау.

Шара барысында қайырымдылықты өмірлік ұстанымына айналдырып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп жүрген азаматтардың ізгі бастамалары көпшілікке таныстырылды. Сонымен қатар ерекше балалардың өмірі, жетістіктері мен шығармашылығын бейнелейтін фотокөрме ұйымдастырылып, олардың бойындағы талант пен мүмкіндіктерді қоғамға кеңінен танытуға мүмкіндік берілді.

Мұндай жобалар ерекше балалар мен олардың ата-аналарына қоғам тарапынан көрсетілетін қолдаудың маңызын айқындай түседі. Әрбір бала өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезініп, өз қабілетін еркін дамытуға мүмкіндік алуы керек. Осы тұрғыдан алғанда, қайырымдылық пен қамқорлық – баршаға ортақ жауапкершілік.

Қайырымдылық жасау – бір сәттік көмекпен шектелмейтін, адамды ізгілікке жетелейтін маңызды құндылық. Бір жанға демеу болу, қиын сәтте қолдау көрсету, қуанышын бөлісу – қоғамдағы мейірім мен өзара сенімді нығайтады.

«Қайырымды іс – жан азығы» акциясы арқылы Жетісай ауданында ізгілік, жанашырлық, қамқорлық және әлеуметтік жауапкершілік секілді құндылықтарды кеңінен насихаттауға басымдық берілді.

Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды. Шын жүректен жасалған әрбір қайырымды іс – бір адамның өміріне жылу сыйлап қана қоймай, тұтас қоғамның рухани байлығын арттырады.

Игі бастама аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, қайырымдылық пен қолдауды қажет ететін азаматтарға бағытталған әлеуметтік жобалар мен маңызды шаралар жүзеге асырыла бермек.

Қатысты жаңалықтар

Ел бірлігін қамтамасыз ету

Bastynews

МҰНАЙШЫЛАР ӘУЛЕТІ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРУГЕ КЕЛДІ

bastynews

ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН РЕЖИМІН САҚТАМАҒАН АЗАМАТТАРҒА 178 ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛҒАН

Bastynews