Парламент Мәжілісінде өткен тағылымды кездесуде біз Жарқынбек Амантайұлы, Данабек Ержанұлы және Нұрсұлтан Төленұлы сынды депутаттармен жүздесу мүмкіндігіне ие болдық. Аталған депутаттар – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары ретінде ел дамуына бағытталған заң шығару қызметімен айналысып, қоғамның өзекті мәселелерін шешуге атсалысып жүрген тұлғалар.

Кездесу барысында біз Парламент Мәжілісінің жұмысымен танысып, арнайы экскурсия аясында заң шығару үдерісінің ерекшеліктеріне қанық болдық. Сонымен қатар, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті белсенді студенттері мен депутаттар арасында еркін форматта пікір алмасу өтіп, сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Депутаттар жастарға өз ақыл-кеңестерін айтып, ізгі тілектерін білдірді.

Іс-шара соңында университет атынан арнайы сәлемдеме жолданып, құрмет ретінде сыйлықтар табысталды. Бұл кездесу – студент жастар үшін үлкен тәжірибе мен рухани мотивация сыйлаған, мазмұнды әрі есте қаларлық сәттердің бірі болды.
