Басты жаңалықтар Мәдениет Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ҚАЛЫҢ ЕЛІМ, ҚАЗАҒЫМ…» ПОЭТИКАЛЫҚ ТОЛҒАУЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 28–29 сәуір күндері Шымкент жастар театры сахнасында «Қалың елім, қазағым…» поэтикалық толғауының премьерасы өтті.

Қойылымда Абай Құнанбайұлы мен Махамбет Өтемісұлы шығармашылық мұрасы тоғыстырылып, ұлттық рух, тарихи жады және қоғамдық сана мәселелері заманауи театр тілі арқылы көркем бейнеленеді.

Бұл жоба – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің (Дариға Тұранқұлованың жетекшілігімен) дуалды оқыту аясындағы алғашқы сахналық жұмысы.

Қоюшы режиссері – Ш. Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов.

Аталған жоба Аида Балаева жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі айқындаған мәдени саясаттың басым бағыттарына сәйкес жүзеге асырылып, жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен заманауи театр өнерін дамытуға бағытталған.

«Қалың елім, қазағым…» қойылымы – театрдың шығармашылық ізденісін айқындайтын және жас көрерменнің рухани дүниесін байытуға бағытталған маңызды жоба.

Қатысты жаңалықтар

Қазығұрттағы ауыз су мәселесі шешіліп келеді

Bastynews

1 қыркүйек алдында бала иммунитетін қалай көтеруге болады

Bastynews

«Бөлінген ақша қайда?»: Мамин тез халыққа есеп берсін

Bastynews