Санатталмаған

Арыс қаласында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Арыс қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен Арыс аудандық орталық аурухана қызметкерлерінің бастамасы мен Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Adym.kz ақпарат агенттігі Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл кешке мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен қала аумағындағы денсаулық сақтау мекемесінің мамандары атсалысты. Кезекті басқосу барысында, Арыс аудандық орталық ауруханасының жұкпалы аурулар дәрігері Г.Ақылбекова «Сақтандыру. Қорғау. Екпе егу» ұлттық бағдарламасы аясында, маммолог дәрігері С.Әшімов «Алдын алу-емделуден оңай» тақырыбында және денсаулық нығайту маманы А.Оразбаева «Ұлттық алкогольді тұтынудан бас тарту күніне орай, он күндік» тұрғысында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауы аясында өтіп отыр. Елбасы жолдауында «Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек» деп баса атап көрсеткен болатын. Мұндай игі бастамалар алдағы кездері де өз жалғасын табатын болады.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру