Санатталмаған

Қытайда шығу тегі белгісіз індет тарап жатыр: қазақстандықтарға ескерту жасалды

Қазақстандықтарға Қытайға барған кезде шығу тегі белгісіз індеттің шығуына байланысты қауіпсіздік шаралары туралы ескертілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Бұл туралы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады. Ол желтоқсан айының соңынан бастап Хубэй провинциясының Ухань қаласында (Қытай) ресми түрде халықтың этиологиясы анықталмаған пневмониямен ауыруының 44 жағдайы тіркелгенін атап өтті. «Инфекция қоздырғышы осы уақытқа дейін анықталмаған. Көптеген жағдай қалалық жаңа теңіз өнімдері базарымен байланысты, онда құстың әр түрі, қоян, жылан және басқа да бауырымен жорғалаушылар сатылды», – деп түсіндірді ол.  «Осыған байланысты осы елге сапарды жоспарлау кезінде Қытайда шыққан белгісіз пневмониямен ауыру жағдайлары туралы ақпаратты назарға алуды сұраймыз», – деп толықтырды Ержан Байтанаев.  Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласынан Бейжің, Санья және Үрімші қалаларына, Алматыдан Бейжің, Санья, Хайкоу, Сиань және Үрімші қалаларына тікелей әуе рейстері жүріп жатыр. ҚХР-ға баратын тұлғаларға комитетте респираторлық инфекциялардың алдын алудың негізгі шараларын сақтауды ұсынды: * Жіті респираторлық жұқпалар белгілері бар адамдармен байланысудан сақтану. * Жиі қолды жуу, әсіресе науқас адамдармен немесе олардың ортасымен тікелей байланысқаннан кейін • * Фермалардағы жануарлармен немесе жабайы жануарлармен жанасудан аулақ болу. * Жедел респираторлық инфекция симптомдары пайда болған кезде медициналық көмекке жүгініңіз.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру