Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Түркістан облысы, Төлеби ауданының тумасы ардагерлер арасында самбодан әлем чемпионы Мәди Нәбиев саяси науқанда белсенділік танытып, референдум учаскесіне алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

«Ел ертеңі үшін маңызды саяси науқанға қатысу баршамыздың міндетіміз деп білемін. Сондықтан да таңмен таласа тұрып, өзім тіркелген учаскеге алғашқылардың бірі болып келуге тырыстым. Өзге отандастарымды да саяси науқанға белсене қатысуға шақырамын» – деді әлем чемпионы.

Айта кетейік, Мәди Бәйділләұлы 2021 жылы Португалия елінің Лиссабон қаласында дзюдо күресінен 90 келі салмақта әлем чемпионы атанған. Сондай-ақ, 2017 жылы самбо күресінен әлем чемпионы болса, қазақ күресінен еліміздің бірнеше дүркін жеңімпазы атағын иемденген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді

bastynews

Шымкенттегі отандық аяқ киім фабрикасы жаңа желіні іске қосты

Bastynews

Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталады

bastynews