Жаңалықтар Қоғам

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ АХМЕДЖАН АНАРТАЕВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округіндегі №580 референдум учаскесінде Ұлы Отан соғысының ардагері Ахмеджан Анартаев өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Сондай-ақ, қарт жауынгер референдумға келушілерге, комиссия мүшелері мен байқаушыларға бүгінгідей маңызды саяси науқанның сәтті өтуіне тілектестігін білдіріп, ақ батасын берді. Бүгінде ардагер ақсақал Қарабұлақ ауылында тұрады. Қарияның 9 баласы, 28 немересі, 5 шөбересі бар.

Айта кетейік, бүгін 15 наурыз күні сағат таңғы 07:00-ден бастап Түркістан облысы аумағында 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Облыста 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІРНЕШЕ БАҒЫТ БОЙЫНША ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Bastynews

«Балаларды қылқындырды» – 30 жасында жеті бала тапқан келіншек күйеуінен көрген қорлығын айтты

Bastynews

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

bastynews