Ақпарат Жаңалықтар

Цифрлық дәуірдегі құқықтық қорғаныс күшейтілді

Қазақстанда цифрлық кеңістіктегі азаматтардың құқықтарын қорғау конституциялық деңгейде алғаш рет заң жүзінде бекітілді. Негізгі заңға енгізілген бұл норма азаматтардың цифрлық ортадағы жеке деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтарының сақталуына бағытталған.

Сонымен қатар, құқық қорғау жүйесін жетілдіру мақсатында ұстау кезінде «Миранда ережесі» енгізіліп, азаматты бір құқықбұзушылық үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке қайта тартуға тыйым салынды.

Бұдан бөлек, некені ер мен әйелдің одағы ретінде заңды түрде тану арқылы әйелдердің құқықтарын қорғау тетіктері күшейтілді. Бұл өзгерістер құқықтық мемлекеттің қағидаттарын нығайтып, азаматтардың бостандықтары мен заңды мүдделерін жаңа цифрлық талаптарға сай қорғауға мүмкіндік береді.

Қатысты жаңалықтар

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1,6 МЫҢ ШАҚЫРЫМ ЖОЛ МЕН КӨШЕ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ «ҚАРТТАРЫ БАР ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАН: ХАТТАР МЕН ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШТЕРІНІҢ УАҚТЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ – БАҚЫЛАУДА

bastynews